Танымал әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты гу-гу әңгіме толастар емес. Бұған дейін әншіні "жұрт алдында жалаңаш көрінді", "ән ұрлады" деп айыптаған. Енді міне, Мөлдірдің басы тағы дауға қалды. Оның жақында ғана жарыққа шыққан "Арман алдамайды" әні орыстың танымал композиторы Александр Серовтың "А может ночь не торопить" деген әніне ұқсас болып шықты.
Бұрынғы продюсерімен ат құйрығын кесіскен Мөлдір жеке шығармашылығына шындап кіріскен Соңғы уақытта бірнеше ән жаздырды, Төреғали Төрәлі екеуі бірігіп клип те түсірді. Алайда, көп өтпей "ұрлықы ән айтып жүр" деген атқа қалды.
"Жұрт менің әнімді "көшірме" деп жатыр ғой. Серовтың әнін арнайы тыңдадым. Менің ойымша екі ән біріне-бірі еш ұқсамайды. "Ұрлықы ән" дегенмен мүлде келіспеймін" деді әнші.