Елімізге белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова
«The Эфир»жобасында өзінің отбасылық құпияларымен бөлісті деп хабарлайды
NUR.KZ. Әншінің айтуынша, күйеуі Олжас той болған күннің ертесіне өз шарттарын қоя бастаған.
«Күйеуім тойдың ертесіне шарт қойды. Бұдан-былай бұрынғы өмірім жайлы мүлде сөз қозғамауымды сұрады. Сондай-ақ біздің шаңырағымызда өсек деген дүние айтылмайды. Біз тек отбасылық мәселелерді қозғаймыз», - деді.
Сондай-ақ әнші бала тәрбиесіне қатысты күйеуімен көп сөзге келетінін айтып берді.
«Мен балаға қаттылаумын. Құлап қалса, өзі тұрғанын қалаймын. Кейде тіпті есеп беріп қоямын. Өзі шығарып, ойлансын деймін. Ал күйеуім керісінше, жұмсақ. Құласа жүгіріп барып тұрғызады, киіндіреді», - деді Сәдуақасова. Әнші ұлы Әнуар екеуінің мінезі ұқсас екенін де айта кетті.