Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР президенті атынан елдің және қаланың дамуына үлесін тигізген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі атынан тағайындалған, қала дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін берілетін "Еңбегі үшін" төсбелгісі де өз иелерін тапты. Марапатталғандар қатарында Халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар.
"Еңбегіңіз үшін. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлына алғыс білдіремін. Бүгін награда алдым", - деп жазды Мақпал Жүнісова өз парақшасында.