16-наурыздың таңынан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілді. Аталған периодта арнайы жұмыс жасайтын комиссия құрылды.
Коронавирустың тарауы Конституциямыздың 4-бабының 2-тармағына («Төтенше жағдай туралы») сәйкес келеді.
10-бапқа сәйкес төтенше жағдай кезінде Мәжіліс пен Сенат та тарқамауы тиіс.
Коменданттық сағат
Заңның 13-бабына сәйкес арнайы орындарда коменданттық режим де енгізілуі ықтимал. Бұл режимді Президент тағайындайды. Комендант мемлекет басшысына бағынуы тиіс. Бірақ комендантты ҰҚК, ІІМ немесе Қорғаныс министрлігі де тағайындауы мүмкін.
Комендант аймақтағы қозғалысты тыйып, тәртіп бұзғандарды уақытша қамауға алуға құқылы. Сондай-ақ, міндеттемелерді орындамаған басшылар орынынан алынып, бірқатар әкімшілік-құқықтық әрекеттерді уақытша тоқтатылады.
20-бапқа сәйкес коменданттық режим кезінде тәртіп бұзғандарды полиция қызметкерлері немесе әскери патруль қамауға алады. Құжаттар болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын адам немесе құжат табылғанша қамауда болады. Дегенмен, бұл қамақтың максималды уақыты – 48 сағат. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары азаматтардың жеке мүліктері мен көліктерін қарауға құқылы.
15-бапқа сәйкес билік азаматтардың қозғалыс еркіндігі мен көлік қозғалысын шектеуге құқылы.