2019 жылдан бастап мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзырына берілді. Бұл уақытқа дейін әр мектеп жеке компаниялармен өзара шарт жасасып, жұмыс істеп келген.
Заң бойынша бастауыш сынып оқушылары, жеңілдігі бар балалар және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Петропавл қаласының әкімдігі жариялаған тендерді «Роллтон» ЖШС ұтып алған. Тендердің жалпы құны 97 миллион теңге немесе күніне әр бала үшін 338 теңге.
Журналистер қауымы бұл туралы жауапты адамдардан ақпарат алуға талпынған. Дегенмен, Петропавл қаласының Білім басқармасының басшысы Әлия Түргенова пікір беруден бас тартыпты. Ресми жауапты 10 жұмыс күнінен кейін беруге уәде еткен.