ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің болашақтағы зейнетақысына алаңдайтынын жасырмады. Оның айтуынша, БЖЗҚ салымшыларының қаражатын шетелдік валютаға айырбастау – бұлыңғыр әрекет.
Министр салымшылар қаржысын шетелдік валютаға айырбастаудың пайдасын, мемлекет үшін тиімділігін көрсететін есептердің нақты көрсетілмегенін жеткізді.
«Бұл – ұзақ талқылауды қажет ететін әрекет. Бір нәрсе айтайын – салымшы зейнетке шыққан мезетте мемлекеттен кепілдік алады. Жиналған инфляция оның активтерін кім және қалай басқарғанынан тәуелсіз берілуі тиіс. Екінші тезис – егер қолыңызға калькулятор алып қарасаңыз, бүкіл уақыт аралығындағы қаражат валюта курсының айырмашылығын жауып кетеді, тіпті, орта бағаман алсақ та. Менің ойымша, қазіргі механизм біздің азаматтарға қауіпсіздеу», - деді ол.
Дәленов зейнетақы жинағын шетелдік қорға берудің қоғамдық талқыға түсетінін баса айтты.
«Бұл жерде біз шетелдік экономикаға инвестицияны неге саламыз деген дүдәмал сұрақ туады. Мәселені жеке адамның емес, қоғамның көзімен қарау керек», - деді Дәленов.
Сондай-ақ, министр кез келген азамат сияқты өзінің зейнетақысы үшін алаңдайтынын жасырмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы шиеленіскен мәселе бойынша шұғыл жиын өткізіп, антикризистік жоспар жасауды бұйырды. Ал Үкімет пен Ұлттық Банк тізе қосып баяндама жасап, Антикризистік штаб құрылғанын, Қазақстан экономикасын тұрақтандыру үшін қолданылатын шаралар жөнінде мағлұмат берді.