Қазақстан азаматтары бірыңғай жинақтаушы зенйетақы қорындағы 8 млрд теңгеден астам қаражаттарын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетерлігі, бүгінде отандық нарықта бірнеше басқарушы компания жұмыс істейді. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мына компанияларға инвестициялаған:
«Halyk Global Markets» АҚ - 2 478 млн теңге;
«BCC Invest» АҚ - 1 425 млн теңге;
«Jusan Invest» АҚ - 3 952 млн теңге;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ – 907 млн теңге.
Қорытындысында жалпы сомасы 8 млрд 762 млн теңге болатын 5 916 өтінім мақұлданған.
Басқарушы компаниялардың кірістілігі 3,5 пайыздан 7,5 пайызға дейін және одан да жоғары болады деп күтіледі.