Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінде елдегі жалпы мал басын санап шықты.
Еліміздегі жалпы мал басының саны 31 миллионды құрайды. Бұл мәліметті ҚР Ауылшаруашылық министрілігінің баспасөз қызметі жариялады.
2019 жылдың аяғындағы ақпаратқа сәйкес, ауылшаруашылық түліктерін идентификациялау базасында 7 696 606 сиыр, 19 871 460 қой, 716 070 шошқа, 2 708 609 жылқы, 214 434 түйе тіркелген.
Санақ мал басына жеке-жеке берілетін құжатты алғанда қосыла тапсырылатын сырғадағы номер арқылы саналады. Бұл – идентификациялық база қалыптастырудың негізгі жолы.