Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалақысының көлемін айтты.
– Бұл стандартты, бәріміз әріптестерімізбен бірге 900 мың теңгенің шамасында аламыз, – деді Цой.
Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзге өңірлердегі әріптестерімен бірдей жалақы алатынын айтып, өздерінің жалақысын айтпаған еді.