Солтүстік Кореяға аштық қаупі төніп тұр. Елде азық-түлік тапшылығымен күресу үшін қара аққуларды пайдалануды жоспарлап отыр.
Үкіметтің «Родонг Синмун» деп аталатын ресми газеті «ұлт азық-түлік қорын сақтау үшін ұзақ уақыт күресті, бірақ егінді жойып, ел COVID-19 таралуын болдырмау үшін шекараларды жапқаннан кейін дағдарыс күшейді» деп хабарлады.
Мақалада «Қара аққу еті дәмді әрі емдік құндылығы бар» делінген. «Оңтүстік Хамген провинциясы партиясының бас хатшысы Ли Джон Нам қазанның 24-і күні елдің шығыс жағалауында қара аққуды өсіру орталығын ашты. NK News хабарлауынша, аққуларды өсіру жоспары алғаш рет 2019 жылдың басында жарияланған.
Естеріңізге сала кетейік, КХДР-да ашаршылық келе жатқанын маусым айында Ким Чен Ын жеке өзі мәлімдеген, кейін ол азық-түлік дағдарысын жариялады. Ал қыркүйекте солтүстік кореялықтарды «азық-түлік мәселесі» шешімін табуға шақырған болатын.