Жалпы суммасы 1,2 миллион шамасында болатын мемлекет қаражатына IPhone 12 Pro Max смартфонын алу туралы шешімді ақтөбелік шенділер қабылдаған көрінеді.
«Тапсырыс беруші – Ақтөбе облыстық аймақтық коммуникация қызметі» РММ. Атауы – ұялы байланыс телефоны. Қосымша мінездеме – жалпы суммасы 1 178 553,58 теңгеге екі ұялы телефон алу, әрбірінің бағасы – 589 276,79 теңге», - деп жазылған лотта.
Қазіргі уақытта аталмыш тапсырысқа конкурс басталды, аяқталу мерзімі – 1 қазан. Тапсырыс беруші тарап тауардың жаңа болуы керек екенін де анық көрсеткен.