Экономикалық сарапшылар қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының табысының арасындағы айырмашылық 38 пайызға дейін қысқарғанын айтады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 40 пайызды құраған.
2021 жылдың алғашқы тоқсанында қала тұрғындарының айлық табысының орташа көлемі 221 000 теңге көлемінде болса, ауыл тұрғындарының табысы 161 000 теңге көлемінде болған.
Еліміздегі жалпы қазақстандықтардың орташа табысы 195 500 теңге болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 10,8 пайызға көбірек. Ең көп табыс елордада – 275 900 теңге және Алматы қаласында – 246 800 теңге тіркелген.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында да ірі табыс тіркеліпті. Бұл өңірдегі орташа айлық табыс көлемі – 246 000 теңге. Ең аз табыс көлемі Түркістан облысында – 121 800 теңге тіркелген.