Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады. Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 342,6 млрд теңге, ал ынтымақтастық зейнетақы төлемдеріне 774,8 млрд теңге бөлінді.
«2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,243 миллионды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 100 019 теңгені құрады», - делінген хабарламада.