Жүзден астам мемлекеттің бұрынғы президенттері, премьер-министрлері мен Сыртқы істер министрлері «Үлкен жетілікке» мүше елдерін әлемдегі вакцинация науқанын қаржыландыруға шақырады.
«Хабар 24» мәліметінше, экс-шенеуніктер осылайша вирустың мутацияға ұшырауын тоқтатуға ниетті. Жасалған ұсыныста G7 -нің құрамындағы мемлекеттер әлем елдерін вакциналау үшін 2022 жылдың соңына дейін жыл сайын қазынадан 30 млрд доллар қаражат бөлуі тиіс.
Құжатқа қол қойғандардың ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьерлері мен қазіргі премьері Борис Джонсон, сонымен қатар БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун де бар. Айта кетейік, маусымның 11-і Ұлыбританияда «Үлкен жетіліктің» саммиті өтуі тиіс.
Жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада мен Жапония елдерінің басшылары қатыспақ.
«Жер бетіндегі адамзатты вакцинамен қамтамасыз ету үшін біраз уақыт қажет. Саммитті ұйымдастырушы ел ретінде Ұлыбританияның бұл мәселеге баса назар аударғаны қуантады. 2022 жылдың соңына дейін әлемдегі барлық халықтың екпе қабылдай алатынына үлкен үміт бар», - деді ДДСҰ өкілі Дэвид Набарро.