Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов ұсталды. Бабанов "Құмтор"кен орнын игеру жобасына байланысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде ұсталған.
Қырғызстанның ҰҚК-де "Құмтор"жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша Бабановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
"Тергеу барысында алынған дәлелдердің негізінде 2021 жылғы 31 Мамырда ҚК 319-бабының 2 – бөлігіне сәйкес (сыбайлас жемқорлық) қылмыс жасады деген күдікпен бұрынғы премьер-министр Ө.Бабанов ұсталды", - делінген хабарламада.
Ведомство аталған қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықты тұрақты негізде хабардар ететіндерін атап өтті.
Сурет: Омурбек Бабанов. Фото:24.kg