Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсан күні Токиода жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді. 39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) - IBF және IBO титулдарының иегері. Еске салайық, Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпады. Сол кезде ол 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған болатын.
35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) - WBA әлемнің супер чемпионы. Бұған дейін Головкин мен Мурата осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өнер көрсетеді деп хабарланған.
Сурет: prosports.kz