ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Бұл туралы
primeminister.kz сайты хабарлады.
Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.
Үкімет басшысы халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.
«Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет», — деді А. Мамин.
Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Ashyq» қосымшасын «Вакцинация» модулімен және «Egov»-тағы вакцинация паспортымен интеграциялау бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.