Қазақстанда жер асты жылыжайларын салуды ұсынды
Қазақстандық көкөністер бағасын төмендету үшін траншея (жерасты) типіндегі жылыжайлардың жаңа түрлерін қаржыландыруға арналаған бағдарламаны әзірлеу қажет дейді, Astana Best Consulting Group экономисті Арман Байғанов.
Бұл көкөніс бағасының төмендеуіне зор ықпал тигізеді. Мысалы, қыста қияр бағасы 1000 теңге болса, жазда 150-200 теңгеге төмендейді.
Бұл жаңалықтың пайдасы туралы ол өзінің Инстаграм парақшасына жариялаған.
Біріншіден, шетелдік өндірістің барлық жылыжайлары қымбат, өйткені олар валюта бағамының өзгеруіне байланысты бағасын өзгертіп отырады.
Екіншіден, өндіріс құнының негізгі бөлігі жылыжайды (Электр, газ, көмір) жылыту есебінен жүзеге асырылады және олардың тарифтері жыл сайын өсіп келеді.
Үшіншіден, энергияның қымбат болуына байланысты негізгі объектілер елдің оңтүстігінеде орналасқан, логистикалық шығындар айтарлықтай, ал тұтынушыларға өнімді жеткізу уақыты ұзақ, бұл оның сапасына кері әсер етеді. Оның айтуынша қазір жеке шаруашылықтар осындай жылыжайлар сала бастады, бірақ оларды кең тарату үшін мемлекеттік қолдау қажет.
"Жылыжайдың жаңа түрін дамытуға қаражат бөлу жақсы мультипликативті әсерге ие болады: бағаның төмендеуі, шағын бизнестің дамуы, жұмыспен қамтылудың өсуі азық-түлік қауіпсіздігі"-, деп жазды автор.