Енді қазақстандықтар Ashyq қосымшасындағы мәртебесін QR кодсыз тексере алады.
Телеарна мәліметінше, жаңа жүйе Android қолданушыларына ғана қолжетімді. Яғни «жеке парақша» бөліміне жеке сәйкестендіру нөмірді енгізу арқылы бағдарлама кіру қажет.
Еске салайық, қызыл және сары мәртебесі бар адамдарға қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Бұл қосымшаны орташа есеппен тәулігіне 3 мың адам пайдаланады. Ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша, бағдарлама іске қосылғаннан бастап індетті жұқтырған 2 мыңға жуық науқас және мыңнан астам байланыста болған адам анықталды.
Сурет: Almaty.tv