Алматыда Astex.kz ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС ірі қаржы пирамидаларының ұйымдастырушысы ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы «Қаржы пирамидасын құру мен басқару» бойынша айып тағылды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, күдікті - 29 жастағы ер адам. Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәліметінше, қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін 47 жастағы ер адам күдікке ілінген.
«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін 47 жастағы ер адам күдікке ілінді. Жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу Алматы қаласы ДП Тергеу басқармасының тергеушілеріне жүктелген», - деді Рустам Абдрахманов.
Сурет: lat.egemen.kz