Мәжілісмендер Риддерде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады. Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.
Сурет: kaznews.kz