Қазақстандықтардың жалақысы – әлемдегі ең төмен жалақының бірі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Телеарна мәліметінше, жұмыскерлердің нақты ақшалай табысы номиналды көрсеткіштерден, яғни белгілі бір кезеңге анықталған саннан орташа есеппен 8%-ке аз.
Бұл отандық еңбек нарығының дамуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі. Жалақысы ең төмен салалар білім беру, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, өнер және ойын-сауық саласында. Бірақ болжамдарға сәйкес, 4 жылдан кейін халықтың ақшалай табысы 27%-ке ұлғаюы тиіс. Ұлттық банктің айтуынша, Цифрлық теңге криптовалютаның баламасы емес.
Қазақстанның Ұлттық банкі цифрлық теңге әзірлеу жобасын криптовалютамен және электрондық ақшамен шатастырмауды сұрайды. Ұқсас технологиялық тәсілдерге қарамастан, ұлттық валютаның жаңа нысанын төлем жүйелерінің осы класына жатқызу қате.
Сурет: Mail.ru