Нұр-Сұлтан әкімдігі ҰОС ардагерлеріне қандай төлемдер берілетінін айтты. Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Биыл олар бір миллион теңге көлемінде біржолғы төлем алатыны белгілі болды.
Айта кетейік, біржолғы ақшалай төлем тыл еңбеккерлеріне және қайтыс болған ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің әйелдеріне де беріледі. Олардың саны – 2 695. Олар 32 087 теңгеден алады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де төлем алады. Бұл санатқа кіретін 415 адам бар. Олар 102 095 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Сурет: turkystan.kz