ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы («Барыс Арена» мұзайдын сарайының батыс жағындағы) көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы
primeminister.kz сайты хабарлады.
Жобаның инвесторы БАӘ-ден девелопер «Ellington Properties Development LLC» компаниясы болып табылады, бас мердігер – «Renaissance Construction» компаниясы. Жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешен аумағы 2,6 млн ш.м., қосымша құрылыстар аумағы 333 га құрайды. Мұнда аумағы 15 мың ш.м. болатын аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, террасалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және т. б. орналасады.
Жобаның бірінші кезеңін (29 га) 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.