Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды.
Ахметжан Смағұлұлы Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы және Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.