Еліміздегі мұнай-кен орындары қызметкерлерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы егілуге үзілді-кесілді қарсы. Соның салдарынан Теңіз кенішінде жаңа зауыттың құрылысы тоқтап тұр. Бұл туралы мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.
Екпеден бас тартудың бір себебі вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге тиісті жағдай жасалған. Оларға Еңбек кодексінде көрсетілген уақыттан артық жұмыс істегені үшін үстеме ақы төленеді. Ал кезекшілікке түсер алдында міндетті түрде оқшауланады.
Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұндай жағдайда екпе салу мұнайшылар үшін тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, бүгінде кәсіпорынға «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілді.
Фото: lat.egemen.kz