Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жаңартты. Тізімге Қазақстаннан үш жаңа миллиардер енді.
Олар: kaspi.kz сайтының негізін қалаушылар Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance инвестициялық комитетінің бас директоры Тимур Турлов.
Қазақстандықтар арасында Владимир Ким 4,6 миллиард долларлық байлығымен бірінші орында қалды (әлемдік рейтингте 622 орын). Оның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 900 миллион долларға дейін өсті.
Екінші орында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы іс басқарушысы әрі көмекшісі Болат Өтемұратов тұр. (әлемлік рейтінгте 891 орын). Оның капиталы 3,4 миллиард долларды құрайды.
Үшінші орынды (әлемдік рейтингте 925) 3,3 миллиард долларлық капиталымен Вячеслав Ким иеленді.
Фото: sputnik Молдова