Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов премьер-министр Асқар Маминге Байқоңыр ғарыш айлағының қызметіне қатысты сауал жолдады.
Арман Қожахметов депутаттарға облыс тұрғындарынан Байқоңыр ғарыш айлағы мәселесі бойынша өтініштер түсіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, азаматтарды әсіресе аймақтағы онкологиялық аурулардың жоғары деңгейі, ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсер етуімен байланысты орталық жүйке жүйесінің аурулары мазалайды. Қарағанды облысы онкологиялық аурулар диагнозы бойынша республиканың алғашқы бестігіне кіреді.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсеріне байланысты аймақтағы онкологиялық аурулардың, орталық жүйке жүйесі ауруларының жоғары деңгейі азаматтарды ерекше алаңдатады. Қарағанды облысы анықталған онкологиялық аурулар бойынша республиканың көшбасшы бестігіне кіреді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Жезқазған қаласында қатерлі ісік ауруларының өсуі байқалады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұзақ уақыт бойы "Протон", "Циклон", "Днепр", "Циклон-М"зымыран-тасығыштары ұшырылды. Осы зымырандардың сүйық реактивті қозғалтқыштарында асимметриялық диметилгидразин (НДМГ) немесе жеңілдетілген Гептил қолданылды. Гептил бірінші қауіптілік классындағы заттарға жатады-оның адам үшін өлім дозасы бір литр суға 1 микрограмм.
Сарапшылардың бағалауынша, Байқоңырдан (1959 жылдан бастап) ғарыш кемелерін Қазақстан аумағына, Алтай Республикасы мен Алтай өлкесіне ұшыру сәтінен бастап 600-ден астам зымыранның сатылары құлаған. Жоғары уытты "қоқыстың" жалпы салмағы 3 мың тоннадан асады", - деді Арман Қожахметов.
Депутат "Байқоңыр" ғарыш айлағына тікелей іргелес елді мекендерін экологиялық дағдарыс жағдайына дейінгі аумақтарға жатқызу мәселесін қарауды сұрады.
"Бұл мәселе, әрине, ғылыми зерттеулердің тақырыбы болуы керек. Қазақстандық ғалымдардың ғарыштық бұйымдар құлаған аудандардың топырақ және су көздерін залалсыздандыру әдістерін іздеуі керек.
Осыған байланысты Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қарағанды облысы Ұлытау ауданының "Байқоңыр" ғарыш айлағына тікелей іргелес елді мекендерін экологиялық дағдарыс жағдайына дейінгі аумақтарға жатқызу мәселесін қарауды сұраймыз", - деп сауал жолдады депутат.