31 наурызда Түркістанда жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық тарап Түркі кеңесінің бейресми саммитін 2021 жылы 31 наурызда Түркістан қаласында бейнеконференция арқылы өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы ТМЫК хатшылығына ресми түрде хабарланды», - делінген хабарламада.
Фото: zakon.kz