22 наурызда ЮНЕСКО 2030 жылға қарай әлем жаһандық су тапшылығына ұшырайтыны туралы баяндама жариялады.
Әлемде су ресурстарын үнемдеуге жеткілікті күш салынбайды, сол себепті жаһандық су мәселесі туындап отыр, - делінген дүйсенбі күні Дүниежүзілік су күніне орай жарияланған баяндамада.
«Су - біздің ең құнды байлығымыз, «көгілдір алтын», оған 2 миллиардтан астам адам тікелей қол жеткізе алмайды. Су тіршілік ету үшін ғана емес, сонымен қатар адамзат қоғамында санитарлық, әлеуметтік және мәдени рөл атқарады», - деді ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулей.
Есеп берудегі бағалауларға сәйкес, «2030 жылға қарай әлем 40% су тапшылығына тап болады» екен. Бұл мәселені басқа да ғаламдық проблемалар, соның ішінде пандемияның салдары ушықтырады. Баяндама авторлары қазіргі санитарлық дағдарыс жағдайында Жер тұрғындарын өздерінің гигиеналық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сумен қамтамасыз ету проблемасы бұрынғыдан да өзекті болып отырғанын баса айтады.