Еліміздің алтын-валюта қоры бір ай ішінде 800 миллион долларға қысқарған. Ақпан айының соңында активтер 34 миллиард 700 миллион долларды құрады.
2020 жылдың мамыр айынан бері алтынның бағасы алғаш рет 1700 доллардан төмендеді. Бірақ қазір алтынның бір унциясы шамамен 1713 доллар тұрады. Қаржы реттеуші мекеме өкілдері бұл жағдайдың бірнеше себебі бар екенін айтты.
Ұлттық банк хабарлауынша, Қымбат металл құны 5%-ға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Бағаның күрт төмендеуі айдың басында байқалған.
Бұған себеп: ақпандағы нарықтық жағдайдың құбылуы, сол кездегі доллардың нығаюы және АҚШ-тың қазыналық облигацияларының табысының өсуі болып отыр.