Елімізде жаңадан салынған баспана құны 4,2 процентке көтерілген. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, жылдық өсудің негізгі деңгейі 20,3 процентті құрады.
Өткен жылдың дәл осындай кезеңінде жаңа тұрғын үйдің бағасы 5 процентке, екінші деңгейлі баспана құны 13,2 процентке қымбаттаған еді. Бүгінде ежаңа баспананың бір шаршы метрі 322 мың теңгені құрайды.