Қазақстан экономикасы биыл 3,2 процентке өседі. Халықаралық S&P агенттігі осындай болжамын жариялады.
Ұйым басқа да халықаралық қаржы институттары секілді ұлттық экономикамыз қайта қалпына келеді және бұл жоспар жақын арада орындалады деді. Себеп – үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары. Экономиканың өсіміне дәстүрлі мұнай-газ секторы емес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі әсер етеді. Рейтинг агенттігі еліміздің төлем қабілеттілігін де жоғары бағалады әрі сыртқы қарыз мөлшері аз екенін алға тартты.
Дереккөз: 24.kz