Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпқой спорт клубтарын қаржыландыру шектеулерін бекітті. Ұсынылған нұсқалардың ішіндегі ең қатал лимит бекітілген. Мәтін ішіндегі фотосуреттерде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жарлығы көрсетілген. Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт вице-министр (құжатта «министрдің міндетін атқарушы» деп көрсетілген) Сәкен Мұсайбеков қол қойған.
Құжат Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының және еліміздің барлық облыстарының әкімдеріне жолданған. Бекітілген күні – 2021 жылдың 29 қаңтары.
Республикадағы барлық спорт федерацияларымен кеңескен министрлік кәсіби спортқа бөлінетін мемлекеттік бюджеттің қаражатын қысқартуға Қаулы шығарды. Үнемделген қаражат балалар және жасөспірімдер спортына жұмсалмақ.
Бұл үшін:
- кәсіби футбол клубтарын бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландыру көлемін жылына 800 миллион теңгеге дейін қысқарту;
- жетекшілердің, бапкерлердің және футболшылардың мемлекеттік бюджет есебінен алатын жалақысы 1 миллион теңгеден аспауы керек.
Ең маңыздысы – құжаттың ұсыныс немесе ескерту емес, бұйрық әрі міндеттеу райында жазылғаны. Министрлік әкімдіктерге футбол клубтарын қаржыландыру кезінде осы міндетті ескеруді тапсырады.