Қазақстанда нан, ет және балық бағасы өсті
- Осы жылдың қараша айында жылдық инфляция біз күткен деңгейден төмен 5,4%-ды құраған. Бір жыл ішінде бағасы 9,7% қымбаттап кеткен азық-түлік өнімдері көш бастап келеді. Нан өнімдері мен жарма бағасының 15,5% -ға, ет және ет өнімдерінің 13,4% -ға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2% -ға өсуі байқалады », - деп түсіндірді Досаев. Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі, негізінен, газ бағасының 4,5% төмендеуіне байланысты болып отыр.
- Инфляцияның негізгі қауіптері кірістердің өсуі мен фискалдық ынталандыру жағдайында ішкі сұраныстың кеңеюі болып отыр. Қысқа мерзімді перспективада ЕАЭО аясында жаңа талаптардың енгізілуі және астық дақылдары мен сүт өнімдерінің қымбаттауы нәтижесінде азық-түліктің жекелеген түрлеріне, атап айтқанда ет пен нан бағалары өсуі мүмкін, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы. Досаев жылдық инфляция деңгейінің болжамымен бөлісті: «Осы жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 5,5-тен 5,7% -ға дейін бағаланады»