2020 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қанша пайызға өспек?
Құжатқа сәйкес, ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды - 42 500 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 800 теңгеге көтеріліп, 16 839 теңгені құрайды. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2020 жылы 38 636 теңгені құрайтын болса, 2019 жылы ол 36 108 теңгені құраған болатын.
Құжатта 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандық зейнетақыларды индекстеу қарастырылған. Осылайша, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 7% -ға артады, адамның еңбек өтіліне байланысты сараланған базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің өсуіне сәйкес өседі. Жыл басынан бері зейнетақы көлемі 5 пайызға дейін өспек.
Сонымен қатар, жүкті әйелдерге, жұмыссыздарға және мүгедектерге берілетін жәрдемақы көбейеді.
Заң еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы байланысты нығайтуды қарастырады.
Сонымен, орташа айлық кірісі 100 мың теңгені құрайтын 7 жылға мемлекеттік қорға жарна салған екінші топтағы мүгедекке 31 080 теңге көлемінде төлем төленеді.
Оған мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Екінші топтағы мүгедек үшін ол 47 710 теңгені құрайды. Осылайша, төлемнің жалпы сомасы 78 790 теңгені құрайды.