Еліміздің қаржы нарығы тағы да бір банкпен толықты. Қазақстандық қор биржасының мәліметіне сүйенсек, Kassa Nova атауы Банк Фридом Финанс Қазақстан болып өзгеріпті. Бұл шешім Kassa Nova үлескерлерінің 2021 жылдың 15-қаңтарында өткізген жалпы отырысында қабылданған.
«Жиналыстың күн тәртібіне Kassa Nova банкінің атауын Банк Фридом Финанс Қазақстан деп атау мәселесі қойылды. Ұсыныс бірауыздан мақұлданды», - деп мәлімдеді KASE.
Freedom Holding Corp. өз қарамағына Kassa Nova Банкін қосып алу процесін осылай аяқтады. Холдингтің ақпаратына сенсек, аталмыш операцияның құны 52,9 миллион долларды құрайды. Осы өзгерістен кейін Фридом Финанс Банкінің таза кірісі жеті есеге өскен.