2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады. Жыл сайынғы өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына көбірек сезілді. Ал Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тарифтер өзгермеді.
2020 жылы елде сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп. Ал электр қуатын тұтыну екі пайызға артты, бұл - сағатына 107,1 миллиард киловатт.