Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE мәліметінше доллар 0,94 теңгеге қымбаттаған. Таңғы сауда қорытындысына сәйкес биржада доллардың орташа бағамы - 420,69 теңге. Америка валютасының 23-25 қаңтардағы ресми бағамы 419,69 теңге болды.
Kurs.kz хабарлауынша қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 421,82 теңге, ал сатып алу - 420,23 теңге. Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны орта есеппен 421,69 теңгеден сатып, 420,42 теңгеден сатып алады.