Қазан айында Қазақстан халқы 22,4мың адамға өсті. Статистика мамандарының мәліметтері бойынша қаңтар-қазан айларында Қазақстан халқының табиғи өсімі 225 мың 632 адамды құраған.
2019 жылдың қазан айында Қазақстан халқы 22,4 мың адамға көбейіп, 1 қарашада 18 млн 592,7 мың адамды құрады, деп хабарлайды Экономика министрлігінің Статистика комитеті. Статистика мамандарының мәліметтері бойынша қаңтар-қазан айларында Қазақстан халқының табиғи өсімі 225 мың 632 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-қазанда - 224 мың 738 адам).
Елдегі демографиялық ахуалдың басқа сипаттамаларына сәйкес уақытша көрсеткіштер: бала туу - 337 мың 357 (334 мың 204), өлім - 111 мың 725 адам (109 мың 466).
Статистикалық комитет сонымен қатар, қаңтар-қазан айларында республикада 116 мың 377 некеге тұру рәсімі жасалды деп хабарлайды. Ағымдағы айда 50 мың 391 ажырасу тіркелген. Статистика мамандарының мәліметінше, үстіміздегі жылдың он айы ішінде Қазақстаннан 37 мың 891 адам басқа елге қоныс аударса (2018 жылдың қаңтар-қазанында 35 мың 531), 9 мың 432 адам (10 мың 346) Қазақстанға көшіп келген.
Осылайша, статистикаға сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында республикадағы теріс көші-қон сальдосы 28 мың 468 адамды құрады.