Минималды жалақы мөлшерін есептеу үшін мемлекет тарапынан «шектік табыс» бекітілген 56 ел назарға алынған. Антирейтингте бірінші орында 57 доллар табыспен Өзбекстан орналасты.
Бірқатар мемлекеттерде (Филиппин, Гонконг) минималды табысқа ешқандай салықтық жүктеме міндеттелмейді екен. Дегенмен, минималды жалақы бекітілген көптеген елдерде салықтық жүктемеде айырмашылық та, жеңілдік те жоқ. Осыны ескерген зерттеушілер минималды жалақының ресми бекітілген суммасын емес, жұмысшының қолына тиетін қаражатты есепке алыпты.
Антирейтингте 57 доллар шектік жалақы бекітілген (23 883 теңге) Өзбекстан көш бастады. Екінші орында 71 доллар минималды жалақымен (29 749 теңге) Нигерия орналасқан. Үшінші орында жұмысшыға кем дегенде 88 доллар беретін (36 872 теңге) Қазақстан тұр.
56 ел ішіндегі минималды жалақы бойынша ең жақсы көрсеткіш Люксембургке тиесілі. Бұл елдегі жұмысшылардың минималды жалақысы 2 241 долларды (938 979 теңге) құрайды.