Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры тұрғын үй алу, ем алу және жеке компанияға инвестиция салу мақсатында белгілі бір мөлшерлемеден жоғары сумманы шешіп алуға рұқсат етілген соң азаматтарға қолайлы жаңа ақпараттық сервисті іске қосты. Бұл сервистен кез келген Қазақстан Республикасының азаматы жеке жинағында шешіп алуға болатын қанша қаражат бар екенін электронды сандық қолтаңбасыз-ақ оңай біле алады.
Сервисті пайдалану үшін мына
сілтемеге өтіп, жеке телефон нөміріңіз бен ЖСН көрсету арқылы ақпарат ала аласыз.
Бір реттік құпия сөз арқылы жүйеге ену үшін келесі қадамдарды жасау жеткілікті:
- ЖСН және телефон нөмірін енгізу;
- жеке мәліметтерді жинау мен өңдеуге келісім беру;
- «Код жіберу» батырмасын басу;
- телефон нөміріңізге хабарлама түрінде келген алты сандық кодты енгізу.
Қордың қосымша сервисі азаматтардың электронды сандық қолтаңба жасатып әуреге түспей-ақ, БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ өздерінің жинақ мөлшерін білуіне көмектеседі. Қордың айтуынша, сервис мемлекеттік өкілетті органдардың барлық талаптарына сай әзірленген.