Доллар қымбаттады. Ұлттық банк 12 қаңтардағы доллар бағамын атады. Америка валютасының ресми бағамы сейсенбіде 419,13 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 9-11 қаңтарда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 418,96 болған.
KASE биржасындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 419,18 теңгеге жетіп, бір күнде 0,20 теңгеге қымбаттады.