Елдегі ең жоғары жалақыны кімдер алады?
Comstat 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерді жариялады.
2019 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы жұмысшылардың орташа бір айлық жалақысы 191 129 теңгені құрады деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты.
Ең жоғары номиналды жалақыны қаржы және сақтандыру қызметі қызметкерлері алады - 484,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,5 есеге, ал осы жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіштен шамамен 16 мың теңгеге көп).
Ең төменгі жалақы 122,1 мың теңгені құрайды, бұл ел бойынша орташа деңгейден 36,1% төмен.(Бұл көрсеткіш осы жылдың екінші тоқсанындағы нәтижеден 14 мың теңгеге аз).
Демек, жоғарғы жалақыны алып отырған кеңсе қызметкерлерінің табысы артқан үстіне артып, ал еліміздегі ең төмен еңбекақы алатын «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» қызыметкерлерінің табысы кеміуде дегенге саяды.