18 қарашадағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 0,87 теңгеге қымбаттап, 429,12 теңге болды.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның Ұлттық банкі 18 қарашада теңгенің долларға қатысты бағамы 428,13 теңге болатынын айтқан еді.
Kurs.kz хабарлауы бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 430,20 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 430,21 теңгеден сатылып жатыр.