Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы хабарланды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановқа қатысты бюджет қаражатын жұмсау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сот Біртановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.