Қазақстанда таңертеңнен бері Каспи банк қосымшасы істемей тұр. Картамен төлеу, ақша аудару мен банкоматтардан ақша алу сынды операциялардың бір де бірі қолжетімсіз. Банктің баспасөз қызметі техникалық ақаулар туындағанын хабарлады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «бұл кибершабуыл» деген жалған хабарламалар тарады. Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталып, ақаулар жойылғаннан кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі, - делінген ресми хабарламада.
Kaspi.kz интернет-қосымшасын 7,5 миллион адам пайдаланады.