Нұр-Сұлтан қалалық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ақтөбе БелАсу» ЖШС тарапынан ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың үстінен түскен арызды қарады.
Арыз беруші Цойды «Nephrolife Aktobe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық лицензиясын жоққа шығарған кезде әрекетсіз қалды деп айыптаған.
Сот заңды тұлғаның арызын мұқият қарап, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан әрекетсіздік, немқұрайлы қарау болмағаны туралы шешім шығарды.
«Министр тарапына түсірілген шағым «Міндеттемелерді бөлу туралы» №431 ішкі бұйрыққа сәйкес вице-министр Л.В.Бюрабековаға берілген. Министрлік арыз берушіге 2020 жылдың 28-маусымында жауап берген. ЖШС-ларды лицензиясынан айыру министрліктің өкілеттілігіне кірмейді», - деп жазылған хабарламада.
Сот медициналық мекемені лицензиясынан айыруға (аталмыш жағдай бойынша) тек Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ғана құқылы екенін жеткізді.