Армения премьері Никол Пашинян егер Таулы Қарабақ бойынша Әзірбайжан шегінсе, онда Армения да солай жасауға дайын екенін мәлімдеді.
«Қақтығысты екіжақты өзара шегіну арқылы шешу керек. Егер Әзірбайжан шегінуге дайын болса, Таулы Қарабақ дайын және Армения да дәл солай шегінуге дайын», – деді Пашинян.
Бұған дейін Армения Қорғаныс министрлігінің өкілі сейсенбі, 6 қазанда Степанакертке әзірбайжандық қарулы күштер тарапынан зымыранмен жасалған соққыдан жарақат алғандар барын айтқан.
«Бүгін жау Степанакертке, үйлерге, құрылысқа, инфрақұрылымға зымыранмен соққы жасады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар бар», – деді Ованнисян.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады.