Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ шот-фактураларды шығарып беріп, осы қызметі үшін 600 миллионнан астам сыйақы алып жатқан кезінде ұсталды. Жедел іздеу шаралары барысында Шымкент қаласында ұйымдасқан топ істелмеген жұмыс үшін шот-фактураларды шығарып берумен айналысатын топ қолға түсті.
«615 миллион теңгеге шот-фактуралар шығарып беруге келісіп, негізгі сумманың 6,5 пайызын, яғни, 40 миллион теңгені алу барысында 4 азамат ұсталды», - деп мәлімдеді ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті.
Шымкент қаласы Абай ауданының соты айыпталушылар ҚР ҚК 216-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылған. Олар шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылады.